jasqazaq.kz

Баян Айқын мен Жұлдыздың құпиясын байқаусызда айтып қойған

21 ақпан 2018, 12:34

Атышулы продюсер Баян Мақсатқызы осыдан біраз уақыт бұрын Тайландтағы демалыс сәтінен фото жүктеген болатын. Оқырмандар фотоның артқы фонынан Айқын мен Жұлдызды байқап қалды. Осыған қатысты Баян Мақсатқызы «Айта берсін» бағдарламасында пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Kesh You» тобынан кеткен Жұлдыз Өмірғалиға қатысты алып-қашпа әңгімелер әлі де тоқтаған жоқ. Әншінің Айқын Төлепбергенге тұрмысқа шығып, ұлды болғаны айтылғанымен, олар әлі ресми түрде мәлімдеме жасамады. Бірақ, жұлдызды жұптың таныстары мен достары әңгіме арасында сырды ашып қойды. Енді бірі суретті байқаусызда желіге жүктеді.
Солардың бірі Баян Алагөзова Instagram желісінде Жұлдыздың сәбиімен түсіп қалған суретті жариялаған еді. Продюсердің айтуынша, мұны өзі де байқамай қалған.

«Шынын айтқанда, мені ұстап алдыңыздар. Мен білмейтін жайт туралы айтып тұрсыздар. Суретте кімнің түсіп қалғаны есімде жоқ. Жұлдыз бізбен жұмыс жасамайды. Бірақ онымен достық-қарым қатынастамыз. Бір-бірімізді сыйлаймыз, жақсы көреміз. Жалпы, Жұлдыз – тамаша адам», – деп айтты Мақсатқызы.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды