jasqazaq.kz

Бауыржан Мусинге қатысты сот үкімі шықты

17 сәуiр 2018, 10:31

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі Комитет төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусинге қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылдың 16 сәуірінде Астана қалалық Алматы аудандық №2 соты Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі Комитет төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусинге қатысты Колпаковтан Ассар KZ ЖШС мүддесі үшін 1 000 000 теңге және жеке кәсіпкер Құлшариевтен 400 000 мың теңге пара алу дерегі бойынша сот үкімін шығарды», — деп хабарлады соттағылар. Істің фабуласы бойынша, 2016 жылдың 15 желтоқсанында комитет төрағасының орынбасары Мусин мен Ассар KZ ЖШС директоры арасында жалпы сомасы 4 900 000 теңгеге мемлекеттік сатып алу келісімшарты жасалған. Соттың мәліметінше, Мусин Колпаковтан жеткізіп берілмеген тауарды қабылдап алу актісіне қол қойғаны үшін 1 000 000 теңге пара алған. «Сонымен қатар, Мусин жеке кәсіпкер Е.Г.Құлшариевтен 2017 жылдың сәуірінде өткен семинарды өткізуге қатысуы үшін «Құлшариев Е.» ЖК мүддесін лоббилегені және жоспарланған сатып алуларда оны жеңімпаз деп тану үшін 400 000 теңге пара алған», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Сот үкімімен Бауыржан Мусин 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді, сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметке келу және мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің комитет басшысының орынбасары Бауыржан Мусин биыл 31 наурызда ұсталған еді. Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, Б.Мусин кәсіпкерден параның кезекті 400 мың теңге сомасындағы бөлігін алу үстінде ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Параның жалпы сомасы — 1,4 миллион теңге.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді