jasqazaq.kz

Бауыржан Исламхан екі жылға футболдан шеттетілді

24 желтоқсан 2020, 20:12

Азия футбол федерациясының шешімімен қазақстандық Бауыржан Исламханның қанына тыйым салынған препараттың табылуына байланысты екі жылға футболдан шеттетілді.

Бұл жөнінде белгілі спорт журналисі Айдын Қожахмет өзінің Telegram каналында хабарлады.

Естеріңізге сала кетелік, Бауыржан Исламхан биыл Біріккен Араб әмірлігінің «Аль-Айн» командасына ауысқан болатын. Ол аталған клубтың АФК Чемпиондар лигасындағы кезекті ойынынан кейін допинг сынамасын тапсырды. Сынамада тыйым салынған препарат анықталды. Бұдан кейін қазақстандық футболшы «Аль-Айн» командасының ресми бірнеше ойынынан шеттетілді. Бауыржан Исламхан өзінің кінәсіздігін дәлелдеу мақсатында тиісті орындарға шағым түсіретінін мәлімдеді.

 

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия