
Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан азиялық Чемпиондар лигасында алғашқы голын салды.
Бауыржан Исламхан ойнайтын БАӘ-нің «Әл-Айн» командасы азиялық Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үшінші турда Катардың «Әл-Садд» клубымен тең түсті.
Бірінші таймнан кейін Исламханның голының арқасында «Әл-Айн» 2:1 есебімен үзіліске шыққан. Бірақ екінші таймның басында қарсылас команда жағдайды өзгертті. Испаниялық Санти Касорла, содан кейін Багдад Бунеджа гол соғып, «Әл-Садд» алға шықты.
Дегенмен «Әл-Айн» есепті теңестірді. Үшінші голды Буалема Хукхи салып, есепті 3:3 қылып теңестірді.
Бауыржан Исламхан ойынның 62-минутында алмастырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Vesti.kz