jasqazaq.kz

Бауыржан Исламхан БАӘ чемпионатындағы ең қымбат ойыншылардың үздік ондығына енді

13 мамыр 2020, 9:15

Alkhaleejtoday.co сайты БАӘ чемпионатындағы ең қымбат 25 футболшының тізімін ұсынды. Тізімде Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан бар, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылымның мәліметі бойынша, Исламхан 9-орынды өзінің «Аль-Айнадағы» әріптесі Коджо Лабоймен, сондай-ақ «Шарджидің» жартылай қорғаушысы ЛукасКайомен бірге бөліскен.

Аталған футболшылардың трансферлік бағасы – 2,4 млн еуро. Рейтингте бірінші орында трансферлік бағасы 4,8 млн еуро болатын «Шарджидің» бразилиялық ойыншысы Игор Коронадо тұр.

Еске сала кетейік, 31 қаңтарда Исламхан «Аль-Айн» клубына өткен болатын. Оның келісімшарты 2020 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Қазақстандық жартылай қорғаушы 10 матч өткізіп, 1 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. 19 матчтан кейін «Аль-Айн» БАӘ чемпионатында екінші орында тұр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық