jasqazaq.kz

Бауыржан Ибрагимов жақын арада татамиге шығуы мүмкін

02 сәуiр 2018, 14:03

Қазақстандық әзіл-сықақшы Бауыржан Ибрагимов сахнадан алыстап кеткенімен, жақында татамиге шығуы мүмкін. Себебі әртіс қазір спортпен белсенді айналысып жүр. Бұл туралы Бауыржан Ибрагимовтың өзі «Хабар» арнасында бүгін ғана тұсауы кесірген «Таңғы хабар» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Today.kz.

«Жас кезімнен спортпен шұғылдандым. Ауылда жүргенде атқа мініп, көкпар шаптық. Алматыға оқуға түскеннен кейін, менің алдымда Бақытжан деген ағам бар. Ол спорт шебері еркін күрестен. Сол мені қоймай күреске алып барды. Сөйтіп Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Аманжол Бұғыбаевтың қолында біраз тренировка жасадым», – деді Бауыржан Ибрагимов.

«Сізді рингтен, татамиден көріп қаламыз ба болашақта?» деген телжүргізуші Нұрсұлтан Құрманның сұрағына сықақшы Ибрагимов «бәрі де мүмкін» деп жауап берді.

«Бір нәрсе бір нәрсеге сеп болып жатады ғой. 2002 жылы мойнымнан грыжа шығып, Серік Ақшолақов операция жасаған болатын. Өте ауыр операция болды…Содан кейін сол ауруханадан мүгедектік берген», – деді Бауыржан Ибрагимов.

Әртіс осы аурудан да спорттың көмегімен айыққан көрінеді.

Қазір Бауыржан Ибрагимов аптаның 5 күнін спорт залда өткізеді екен.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды