jasqazaq.kz

Бауыржан Ибрагимов Тұрсынбек жайлы: Оны актер ретінде қабылдай алмаймын (видео)

09 қантар 2020, 15:11

Отандық театр майталманы Бауыржан Ибрагимов әзіл әлеміндегі інісі Тұрсынбек Қабатовқа қатысты ойын ашық айтты. Өнер иесі халықтың сүйіктісіне айналған әзілкештің қалжындарын қабылдай алмайтынын, оны актер деп санамайтынын жеткізді. Бұл туралы Youtube желісіндегі «TalkLike» бағдарламасында айтты.

Ибрагимов өнер саласында бүгінде аты дүркіреп тұрған Қабатовқа кәсіби тұрғыда бағасын берді.

Сонымен қатар «Бауыржан шоудың» негізін қалаған әртіс өзі мойындайтын актерларды атады.

«Қабатовты көрдім. Оны кілең шыққанынан бастап, өзінің мысығын айту. Мен өзім ондай әзілді түсінбеймін, қабылдай алмаймын. Білмеймін енді, менікі емес. Мен оны конферансье ретінде қабылдаймын. Оны мен актер ретінде қабылдай алмаймын.
Маған ренжісе ренжитін шығар. Бірақ, мен кәсіби маман ретінде шындықты айтып отырмын. Ол актер емес. Оған КВН стилі, конферансье, тамада стилі келеді. Ол өзінің деңгейі. Бірақ, актер емес. Мен өзім қабылдайтын актерлерімді айттым. Ол Әбунасыр Серіков пен Тука. Олар мен мойындайтын, бойында таланты бар жақсы актерлар» , — дейді ол.

nur.kz

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия