
Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекті Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары қызметінен босатып, атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді. Бұл туралы Президентің баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасаы лауазымындағы көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты», — делінген Берік Уәлидің хабарламасында.
Бауыржан Байбек партия төрағасының бірінші орынбасары қызметіне 2019 жылы тағайындалған.
Байбек 1974 жылы 19 наурызда дүниеге келген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Үш жоғары оқу орнын тәмамдаған: педагогикалық, жоғары экономикалық және музыкалық.
Ол Қазақстанның Германиядағы елшігінде дипломатиялық қызметте болған. 2002 жылдан бастап Президент Әкімшлігінде түрлі лауазымдарға тағайындалды. 2015 және 2019 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі болды.