jasqazaq.kz

Батыста шөл даланың ортасында көл пайда болды

07 маусым 2019, 11:42


Жаңа су қоймасы бірнеше күн бұрын шөл даланың қақ ортасында пайда болған

Caravan.kz  жазғандай, Атырау  облысы Мақат ауданында екі шоқының арасындағы сайда тұщы көл пайда болды. Осы маңдағы жаңа әрі жалғыз тұщы су осыдан бірнеше күн бұрын ғана пайда болыпты. Мамандар әлі судың құрамын тексерген жоқ, бірақ оның тұщы екені анық. Адамдар әзірге өз пайдасына жаратпаса да, төрт түлік мал мен құс біткен табиғаттың «тосынсыйының» рахатын көріп жатыр.
Мамандардың пайымдауынша, көлде кем дегенде 5 мың метр куб су бар. Көлдің қайдан пайда болғаны анықталуы тиіс. Бәлкім, жер астында әжептәуір су қоры болуы мүмкін.
Алайда мамандар әуелі судың химиялық құрамын анықтап, ауыр металл және басқа қоспалардың барын тексереді.Сараптама нәтижелерін жергілікті фермерлер асыға күтіп отыр, олар аяқ асты пайда болған су қорын шаруашылықта пайдалансақ дейді.
Айта кетсек, бұл ауданның 21 елді мекенінде орталық сумен қамту жоқ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде