jasqazaq.kz

Батыс Қазақстанда үшем дүниеге келді

01 шiлде 2022, 10:17

Батыс Қазақстан облысында үшем дүниеге келді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Орал қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта Ақмарал Жұмазова 30 маусым күні үш қыз тапты.

Үшемнің әкесі, Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында тұратын Елдос Сағадетовтің айтуынша, олардың бұдан бұрын бір ұл, бір қызы бар екен.

Енді, міне, Ақмарал екеуі бес баланың ата-анасы болып шыға келді.

Қазіргі кезде Ақмарал мен қыздары дәрігерлердің бақылауында. Әмина, Рәмина, Мәдина атанған сәбилердің салмағы 2600, 2400 және 1900 грамм.

«Өмірге сәби әкелу оңай емес. Әйтеуір бәрі ойдағыдай болғанына қуаныштымыз. Енді балаларымыз аман-есен өсіп кетсе, біз үшін сол бақыт», деді Елдос Базарбайұлы.

Елдос аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығында ұстаздық етумен бірге қолөнермен де айналысады. Астау, бесік, домбыра жасаудың хас шебері.

Ақмарал Талғатқызы 1-мектеп-лицейде физика пәнінен дәріс береді.

Жәнібектік тұрғындардың сөзіне қарағанда, бұл — аудан бойынша алғашқы үшем.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық