jasqazaq.kz

Батыс Қазақстанда қар құрсауынан жолаушылар құтқарылды

06 қантар 2019, 10:16

Батыс Қазақстан облысында кеше ТЖ департаменті қызметкерлерінің күшімен қар құрсауынан 79 автокөлік шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, барлығы 36 адам шығарылса, соның жетеуі — балалар. 6 адам құтқарылды, соның біреуі — бала. Атап айтқанда, сағат 12-30-да Ақжайық ауданында Чапаев- Қазталов жолының 5-шақырымында жолдан түсіп кеткен «ГАЗель» көлігі шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Сағат 13-50-де Тасқала ауданында Орал-Тасқала жолында қарға батып қалған екі жеңіл көлікке (7 жолаушы) көмек көрсетілді. Сағат 15-20-да Тасқала-Мерей жолында бес жеңіл көлік (16 адам) шығарылды. Сағат 18-50-де Ақжайық ауданы аумағында Орал-Атырау жолының 305-шақырымында «Фольксваген Шаран» автокөлігі «Скания» жүк көлігімен түйіскен. Оқиға орнынан 2 азамат Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді. Сағат 20-45-те Тасқала ауданында қар құрсауында қалған он жеңіл автокөлік (34 адам, жетеуі — бала) шығарылды. Еске сала кетейік, кеше Батыс Қазақстан облысында қатты бұрқасынға байланысты барлық жолдардың жабылғанын жазған болатынбыз.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық