jasqazaq.kz

Батыс Қазақстанда карантин 15 маусымға дейін ұзартылды

23 мамыр 2020, 16:38

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантин шектеу шаралары 15 маусымға дейін ұзартылды.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев брифингте мәлім еткендей, өңірде аурушаңдық деңгейі әлі де төмендемей отыр.

Күн сайын эпидемиологиялық ахуалға мониторинг жүргізіледі. Мысалы, 22 мамырда коронавирус жұқтыру өсімі — 2,8 пайыз болса, одан бір күн бұрын — 2,5, апта ішінде 3,8-4 пайызды көрсетті. Карантинді созудың тағы бір себебі — коронавирус жұқтырғандардың көпшілігі (340) Орал қаласында тіркелсе, індет аудандарда да таралып отыр.

Мысалы, Ақжайық ауданында 5 адам сырқаттанды. Мұнда ауырған медицина қызметкерімен қарым-қатынаста болғандар ауру жұқтырып, сол үй карантинге жабылды.

Бөрлі ауданында 7 адам ауырса, соның алғашқысы 29 наурызда тіркелген еді. Бұдан кейін Теңіз кенішінен келген адамнан 4 кісіге жұғып, олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Өткен тәулікте «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясының қызметкері де ауру жұқтырғаны белгілі болды. Ол вахталық жұмысқа кіріспестен бұрын Орал қаласында Теңіз кенішінен келген өзінің туысқанымен байланыста болғандықтан, карантиндік стационарға түскен болатын. Бастапқыда тест теріс нәтиже көрсеткенімен, кейін коронавирустың белгілері (дене қызуының көтерілуі, жөтел) пайда болып, провизорлық стационарға ауыстырылды. Науқас тұрған бұл үйге де карантин жарияланды.

Бәйтерек ауданында 3 оқиға тіркелсе, бұлар да – бұрын Теңіз кенішінен келген азаматпен қарым-қатынаста болғандар.

Сырым ауданында аурулар саны 4-ке жетті. Мұнда аудандық аурухана қызметкерінен өз туысқандарына жұққан. Тағы біреуі – науқаспен қарым-қатынаста болған медицина қызметкері. Бұл дерек бойынша эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жалғасуда. Өйткені ауру көзі болған аурухана қызметкерінің Оралда да болғаны анықталып отыр.

Қазіргі таңда Сырым ауданында карантин жарияланып, індетке қарсы күрес жалғасуда.

Тасқала ауданында 10 адамның бесеуі – медицина, үшеуі – полиция қызметкері.

Сондай-ақ Теректі ауданы Подстепный ауылында дәрігерлік амбулатория қызметкерінің ауру жұқтырғаны анықталды. Ол да Теңіз кенішінен келген азаматпен қарым-қатынаста болған. Дәрігерлік амбулаторияда толығымен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Күні бүгін облыста 370 науқас тіркелсе, соның 144-і облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде. 220 адам жазылып шықты.

Науқастардың 67 пайызы (251 адам Ресей мен Атыраудан) – сырттан келгендер. 114-і – бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болғандар.

Сонымен қатар 24 адам провизорлық, 217 адам карантиндік стационарда жатса, 1208 адам үйлерінде оқшаулануда.

«Егер 15 маусымға дейін аурушаңдық деңгейі 2 пайыздан төмендесе, карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілуі мүмкін. Бәрі де адамдардың санитарлық талаптарды бұлжытпай сақтауына байланысты. Айталық, кейбіреулер ауру белгілері байқалғанын дәрігерлерден жасырады. Тек ауру дендеген кезде ғана айтады. Немесе жедел жәрдем шақырудың орнына өздері медициналық мекемеге барып, таралу қаупін ұлғайта түседі», деді Нұрлыбек Мұстаев.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде