jasqazaq.kz

Батыс Қазақстанда 400-ге жуық киіктің өлексесі табылды (Видео)

14 мамыр 2021, 11:28

Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек ауданында 372 киіктің өлі денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша жануарлар найзағай соғуынан қырылған болуы мүмкін, деп жазады жергілікті «Ақ Жайық» сайты.

Батыс Қазақстан облысындағы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясының жетекшісі Қайрат Кәдешовтің айтуынша, киіктер жаппай қырылған жерде жақында жаңбыр жауып, найзағай түскен.

«Біздің инспекторлар оқиға орнын зерттеп, қырылған 372 киікті анықтады. Киіктер бір қатарда жатқан. Өлексені тексеру кезінде найзағай тоғысуының белгілері табылды. Қазір ветеринарлар қосымша сынамалар алып жатыр. Ол сынамалар сараптамаға жіберіледі», – деді Кәдешов.

Оның айтуынша, осы тектес жағдай өткен жылы да болып, соның салдарынан 62 киік қырылған.

Киіктердің найзағайдан зардап шегуі ықтимал екенін орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз қызметі де растады.

«Құзырлы органдардың қатысуымен жедел штаб құрылды. Алдын ала мәлімет бойынша киіктердің жаппай қырылуына осы аймақтағы қолайсыз ауа райы себепші болуы мүмкін. Себебі өлекселерден найзағай тоғы соққан белгілер байқалды. Алдағы уақытта жүргізілетін сараптама нәтижесі бойынша дала жануарларының қырылуына не себеп болғанын нақты анықтайтын боламыз», — деді ведомствода.
Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аймақтық инспекциясы мен ветеринария басқармасы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті.

Қазақстандағы киіктер популяциясы
Осы жылдың сәуірінде экологтар киіктер санағын бастады. Әуеден жасалған есеп ақбөкендердің үш популяциясында жыл сайын жүргізіледі. Алайда 2020 жылы карантинге байланысты бұл шара кейінгі қалдырылды.

Қазақстанда киіктер Батыс Қазақстанда, Үстіртте – ішінара Маңғыстауда, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау облыстарында тіршілік етеді. Ақбөкендердің ең көп популяциясы Бетпақдаланы қамтитын Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында орналасқан.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандық фермерлер дала жануарларының көбеюіне байланысты жайылымдағы малға аз азық қалып отырғанына шағымданды.

Зоология институты ғалымдарының айтуынша, киіктер көшпелі өмір салтын ұстанатындықтан жайылымдарға түсетін жүктеме деңгейі жоғары емес. Сондықтан ақбөкендер жайылымдардағы шөптің аз ғана бөлігін жейді. Бұл жайылымдарды қайта пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🔹QAZAQSTAN🇰🇿DA (@qazaqstanda)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде