
Батыс Қазақстан облысында 2 республикалық, 6 облыстық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар Орал-Тасқала және Самара-Шымкент (266-526 км, Оралдан Ақтөбе облысына дейін) жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды. Сондай-ақ осы себеппен облыстық маңызы бар Орал-Кирсанов, Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы, Чапаев- Жаңақала-Сайқын, Барбастау-Ақжайық-Индербор, Үлкен Шаған-Переметный және Аңқаты-Сарыөмір жолдары да жабық. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті жолаушыларға аталмыш бағыттарға жолға шықпау қажеттігін ескертті.