jasqazaq.kz

Батыс Қазақстанда 170-тен астам тұрғын үйді су басты (Видео)

03 сәуiр 2022, 14:01

Батыс Қазақстан облысында 170-тен астам тұрғын үйді су басты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. БҚО ТЖ департаментінің жедел штабы мәлім еткеніндей, қардың күрт еріп, жауын-шашын түсуіне байланысты Жәнібек ауданында 2 сәуір күні сағат 23.00-ден бастап екі ауылға су кірді.

Жақсыбай ауылында 170-тен астам үй суға кетті. Жергілікті атқарушы органдар және шекара қызметі күшімен 637 адам эвакуацияланды. Соның 305-і (89-ы – балалар) М.Ықсанов атындағы мектеп-балабақша кешені ғимаратына, 332-сі (70-і – балалар) жақын-жуықтарының үйлеріне орналастырылды.

 

Сондай-ақ Талов ауылында 2 үйді су алып кетті. 8 адам (екеуі – балалар) туыстарын паналады. ТЖ (5 қызметкер, 1 мотопомпа), жергілікті атқарушы органдар (142 адам, 11 техника), шекара қызметі (15 әскери қызметкер, 2 техника) оқиға орнында жұмыс істеуде. Жақсыбай ауылының тұрғындары елді мекенді түгел су басып, қиын жағдайда қалғанын, мал шығыны бар екендігін хабарлап жатыр.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық