jasqazaq.kz

Батыс Қазақстанда 150 тонна шөп өртеніп кетті

03 қараша 2020, 12:33

Батыс Қазақстан облысында 150 тонна пішен өртеніп кетті. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 2 қараша күні кешкісін Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында болды.

Сағат 21.13-те «Жарас» агрофирмасы» шаруа қожалығының ашық алаңында үйілген 150 тонна шөбінің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Өрт аумағы шамамен 500 шаршы метрді қамтыды. Өрт сөндірушілер пішеннің ық жақтағы бөлігін көшіріп, жанудан аман алып қалды. «Тілсіз жау» сағат 23.40-та оқшауланып, бүгін 00.18-де ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия