jasqazaq.kz

Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің эскиздері жарияланды

18 мамыр 2021, 11:00

Нұр-Сұлтан әкімдігі жариялаған Батырхан Шүкенов ескерткішінің үздік эскиз-идеясына арналған байқау мамыр айының соңына дейін жалғасады.

Алғашқы эскиздер пайда болды, онда композитор әртүрлі вариацияларда, соның ішінде сүйікті музыкалық аспабы — саксофонмен бейнеленген, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge платформасында — оң жағындағы төменгі бұрышта «Кері байланыс» арқылы, сондай-ақ centerofurbanism@gmail.com поштасына жіберуге болады. Қалалық саябақта әнші және композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарлануда. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады. Бүгін, яғни 18 мамырда композитор 59 жасқа толар еді. Оның қайтыс болғаны туралы хабар бүкіл елді, миллиондаған тыңдарманын есеңгіретіп жіберді.
Көрнекті әнші және композитор Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда дүниеге келген. Ол 2015 жылы 28 сәуірде қайтыс болды. Бұған дейін Батырхан Шүкенов ескерткішінің эскиз-идеясына байқау жарияланғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

ҚазАқпарат

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде