jasqazaq.kz

Батыр Жүкембаев оппонентін алғашқы минутта нокаутқа жіберді

18 желтоқсан 2021, 13:05

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14 КО) кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісінен кейін араға жарты жыл салып, рингке оралды. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 

Ол Канаданың Монреаль қаласында өткен кеште мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альвареспен (28-10, 20 КО) қолғап түйістірді.

Бірінші жартылай орта салмақтағы айқас 6 раундқа есептелген болатын және ол Жүкембаевтың жеңісімен аяқталды. Қазақстандық боксшы жекпе-жектің алғашқы минутында-ақ қарсыласын алдымен, нокдаунға, іле-шала нокаутқа жіберді.

Осылайша, Б.Жүкембаев кәсіпқой бокстағы 19-ыншы жеңісіне қол жеткізіп, биылғы мамырда пуэрториколық Сабриэль Матиастан (17-1, 17 КО) болған жеңілісін «жапты». Ол кезде Жүкембаев 8-інші раундтан кейін айқасты жалғастырудан бас тартқан еді.

Хуан Хосе Мартинеске келсек, бұл оның профибокс мансабындағы 11-інші жеңілісі.

Еске салайық, кеше Б.Жүкембаев жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өткенін жазған едік. Кештің басты айқасы ресейлік Артур Бетербиев (16-0, 16КО) пен америкалық Маркус Браун (24-1, 16КО) арасында өтті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде