jasqazaq.kz

Батыр Жүкембаев мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді

07 қазан 2018, 15:34

Канаданың Квебек провинциясындағы Centre Videotron аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО) келесі кездесуін өткізді, деп хабарлайды inform.kz.

Ол мексикалық танымал боксшы Патрисио Мореномен (20-2, 14 КО) кездесті. Он раундқа шақталған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Жүкембаев танымал қарсыласын 7-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Енді Батырдың жеңістерінің саны 14-ке жетті, ал қарсыласы карьерасында үшінші рет жеңілді. Айта кетейік, канадалық журналистер 27 жастағы қазақстандық боксшының шеберлігіне көп мәрте тамсана пікір білдірген болатын. Канада бұқаралық ақпарат құралдары Батырды ең дарынды жергілікті спортшылардың бірі деп атап, үлкен телевизиядағы жекпе-жектерін тағатсыздана күтетінін жариялаған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық