jasqazaq.kz

Батуттың астында қалып қаза болған оқушы жер қойнына тапсырылды

29 мамыр 2019, 0:12

Қарағанды саябағында аударылған батут қожайыны Ерлан Тәкішев 2 айға тергеу абақтысына қамалды. Ал сол батуттың астында қалып қаза тапқан 12 жастағы Борис Рудаковты туыстары бүгін жер қойнына тапсырды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қаршадай баласынан айырылған қаралы үйге қайғыра көңіл айта келгендердің қарасы қалың. Қарапайым тұрғындармен қатар мұнда биліктегілердің де төбесі көрінді. Естеріңізге салсақ, мамырдың 25-сі күні орталық саябақта жел құлатқан батутқа балалар басылып қалған-ды. Оның астынан 12 жастағы Борис Рудаков тірі шықпады. Тағы екі бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Апаттан соң батуттың қожайыны бірден ұсталды. Ол облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы қызметкері екен. Сот шешімімен Ерлан Тәкішев 2 айға тергеу абақтысына қамалды. Судья оны тергеу кезінде бостандыққа жіберу қауіпті деп тапқан.

Еркеш Мәукен Қарағанды облыстық сотының ресми өкілі:

— ҚК 306-шы бабы 3-ші бөліміне сәйкес 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Тергеу органдарының өтініш хаттарына сәйкес, қылмыстық жауапкершіліктен қорқып, бұл азамат қашып кетуі мүмкін. Немесе куәләр мен жәбірленушіге ықпал жасауы мүмкін.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі