jasqazaq.kz

«Батькаға» Тихановскаядан ұсыныс түсті

16 қыркүйек 2020, 17:28

Белорусиядағы президент сайлауында кандидат болған Светлана Тихановская президент Александр Лукашенко биліктен өз еркімен кетсе, оның қауіпсіздігіне кепіл беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Тихановская украиналық «Левый берег» басылымына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

«Талқыланады. Әлбетте, ол өз еркімен кетсе, мұндай мәселені қарастыруға болады. Сенімді түрде айта алам. Мен барлық адамдар атынан сөйлеуім керек. Бұл мәселеде көпшіліктің пікірі де ескеріледі», – деп мәлімдеді ол.
Лукашенко қауіпсіздігінің кепілі туралы сауалға ол президент «одан да көп» нәрсе алады деп жауап берді.

Бұның алдында Лукашенко «билік тастап кету, тапсыра салу үшін берілмейді» деп мәлімдеген.

«Көп сөз болмас үшін, ер азамат ретінде айтайын. «Ол билікті бермейді» деп сынаушылар бар. Дұрыс. Мені халық билікті бере салсын деп сайлаған жоқ. Билік тастап кету, тапсыра салу үшін берілмейді», – деп мәлімдеді Лукашенко 10 қыркүйекте.
Беларусьте бір айдан астам уақыттан бері жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр. Акция Орталық сайлау комиссиясының президент сайлауында Лукашенко 80 пайыздан астам дауыс жинады деп жариялаған соң басталды. Светлана Тихановская штабы сайлаудың ресми нәтижесін мойындамады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде