jasqazaq.kz

Баталов Талдықорғанда жөндеуді қажет ететін көшелерді тізіп берді

23 ақпан 2017, 13:01

Биыл Талдықорғанның көліктік инфрақұрылымын дамытуға 2325,9 млн. теңге бөлінді. 13 көшеде 23,4 шақырым жол салу жоспарланған. Бұл орайда қосалқы көшелердің жөндеу жұмыстарына көп мән берілген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарының жалпы көлемінің 22 %-ы орталық көшелерде, 78 % -ы қосалқы көшелерде жүргізіледі. Атап айтқанда, Өтенай, Еркін ауылдық округтерінің, Шығыс және Оңтүстік-Батыс шағын аудандардың көшелері жөнделеді. Сонымен қатар 9 шағын аудандағы тұрғын үй массивтеріне кіретін 44 подъездік жол жасалады. Сондай-ақ қалада көлік қоятын 5 орын белгіленеді. Облыс әкімі Амандық Баталов баяндамашының сөзін мұқият тыңдаған соң қай көшелер күрделі жөндеуді, қай көшелер орташа жөндеуді қажет ететінін айта отырып, жобаға бірқатар түзетулер енгізді. «Абай, Ақын Сара, Абылай хан, Алдабергенов, Сланов, Ескелді би, Қабанбай батыр көшелеріне күрделі жөндеу жүргізу қажет. Барлық жұмыс сапалы жүргізілуі керек. Газ желісі тартылып жатқан және тарту жоспарланып отырған көшелердің әзірге тек шұңқырларын ғана бекітіп, жөндеңіздер. Күрделі жөндеуді тек газдандыру ісі аяқталған соң жасайсыздар. Күрделі жөндеу жасап ап, газ жүргізетін кезде қайта қазып жүрмеңіздер. Бұл бюджеттің ақшасы, сондықтан аса ыждаһаттылықпен жұмыс істеңіздер», — деді А. Баталов. Айта кету керек, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа Талдықорған қаласының көліктік инфрақұрылымын одан әрі дамыту, облыс орталығын газдандыру барысын, сол сияқты абаттандыру шаралары жайлы жоспарлары таныстырылған болатын.

ҚазАқпарат

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық