jasqazaq.kz

Басынған бақсы

29 мамыр 2019, 10:05

Ақтөбеде  ер адамның жынын қуған бақсы жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы  Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы уақытта дінді алға тартып, белгісіз дертке ұшырағандарды емдеушілер көбейген.  Әсіресе «іштегі жынды шығарып береміз» дейтін медициналық қызметтің түрі алаңдатып отыр. Осы қызметпен айналысатын бақсылар азаматтарға  дұға оқып беріп, неше түрлі шөп  дәрі ішкізіп, осы қызметтің  ақысына 3-10 мың теңге аралығында ақша алады. Қаржыға құныққандардың қаракетінен қарапайым халық түгілі құзырлы орындар да шошып отыр.  Айталық, мамыр айының соңында ақтөбелік бақсы көріну үшін алдына келген  жігіттің жынын шығару үшін жертөлеге қамап, түрлі дәрі ішкізген. Одан қала берсе, таяқпен көкала қойдай сабаған. Бақсының басынуынан зәресі ұшқан  азамат қашып құтылып, ақыры полицияға шағым түсірген.

Қазіргі таңда бақсы  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақпал Ноғайбаева

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда