jasqazaq.kz

Басына мұз құлап, қайтыс болған әйелге қатысты жаңа дерек

21 қараша 2018, 16:18

20 қараша күні Алматы қаласы Бостандық ауданында тоғызыншы қабаттан құлаған мұз 60 жастағы әйелдің өліміне себепкер болды. Марқұмның тұлғасы мен оқиғаның мән-жайын КТК телеарнасы анықтады.
Телеарна ақпараты бойынша Наталья Шамузованың жасы 60-та болған. Қайғылы оқиға болған күні ол элиталы «AdalResidence» тұрғын үй кешені маңындағы жаяу жүргіншілер жолымен кетіп бара жатқан екен. Ал ол жол көпқабатты үйге өте жақын орналасыпты.
Бір мезетте әйелге ойда-жоқта төбеде қатқан мұз құлап кеткен. Алған жарақаты салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, коммуналдық қызмет шатырда жиналған қар мен мұздан тазарту жұмыстарын соңына дейін аяқтамаған. Алайда бұл осындай қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін деп ешкім ойламапты.
Оқиғаның куәгері Рүстем Төлемістің сөзінше, қатқан мұз баспалдаққа жетіп қалған әйелдің басына түскен.
«Мен жақындағанда оның басынан ештеңе қалмағанын көрдім. Коммуналдық қызмет қатқан мұздарды тазалаған, бірақ барлығын алмапты», — дейді алматылық азамат.
Қайғылы оқиға полицияда жазатайым оқиға ретінде тіркелген. Енді қызмет көрсететін ұйымдарға тексеру жүргізілетін болады. Бостандық ауданы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, «Верный выбор» ЖШС серіктестері өткен аптада қатқан мұздарды сындырып, қарларды тазалаған. Енді басқару органдары 72 мың теңгеден жоғары айыппұл төлемек.
Билік өкілдері көптеген жауын-шашын салдарынан шатырда қар қалдықтары болуы мүмкін екенін мойындады. Ал ауа температурасы жоғарылаған кезде ол еріп, құлауы да ықтимал.
Аудан әкімдігі марқұмның отбасына көмек беретіндерін айтты.

NUR.KZ

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді