jasqazaq.kz

Басы дауға қалған Төреғалиге әнші Бүркіт араша түсті

24 желтоқсан 2017, 12:17

Кешелі бері атышулы видеодан кейін басы дауға қалған әнші Төреғали Төреәлі халықтан кешірім сұрап, өз әрекетінің себебін түсіндірген еді. Десе де халықтың өкпесі әлі де басылар емес. Тіпті, әншінің өнердегі әріптестері де сын астына алған-ды. Төреғалидің басындағы дауға алаңдаса керек, әнші Бүркіт көпшілікті сабырға шақырып, әншіге араша түсті, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші Бүркіт Төреғалидің басындағы дауға қатысты Instagram желісіндегі паарқшасында өз пікірін білдіріп, әншіге араша түсті.

«Адам деген қатыгез боп бара жатқанына көзіміз жетіп отыр. Біреуіміздің аяғымыз шалынып құласақ , бәріміз жатып күлетін болған күнге жеттік. Міне. Түсінемін, өмір де қиындап кетті, әркімнің өзінің өмірлік қиындықтары толып жатыр. Ешкімнің басқаның өмірінде еш шаруасы болмай кеткен күндер. Орысша айтқанда «Не мои проблемы» дейтіндер молшылық .

Мен өз басым қазір Төреғали ініміздің ішінен қалай қатты уайымдап отырғанын алыстан ақ сезіп отырмын! Иә, қателіктер болады. Мінсіз адам жоқ. Дегенмен, адам адамға кешірімді болуы керек. Ол концертте отырған кісі де қателіктер жіберген, шамасы. Қазаққа тән мәдениетіміз қайда кетіп бара жатыр? Не мынау, жаппай әлеуметтік желіде бәрі жабылып жас балаға ?! Сабырлық сақтайық! Қалай айтсақ та, ол – өз бауырымыз , қазақтың баласы, қандасымыз. Біреуіміз кішкене ғана өзімізден асып кетсе болды, етегінен төмен қарай тартуға ұмтыламыз. Қалай айналдырса да, бұл баланың маңдайында жұлдызы жанған бала. Сабыр етіңіздер, ағайын!

Батыстан келген «у-шудың» бәрін өз бойымызға сіңдіріп жүрміз. Біреудің сыртынан жаман айтып, күнә жинамайық . Өтінеміз. «Болар xалық бірін -бірі батыр» дейді. Ойланайық, ағайын!» – деп жазды Бүркіт.

Десе де әншінің желідегі оқырмандарының басым көпшілігінің ашуы тарқамаған сыңайлы. Олар Төреғалидің сахна төріндегі әрекетіне қатысты реніштерін әлі де жеткізіп жатыр. «Қалай болса да, Төреғали халық алдында, киелі сахнада тұр. Кішкене ұстамдылық танытқаны дұрыс болар еді», «Төреғалидің әрекеті дұрыс емес. Ақын, әншілер өзін бұлай ұстамауы тиіс. 37 жыл өмірімде әншінің сахнада тұрып ақсақалға аузына келгенін айтқанын бірінші рет көруім», «Қасықтап жиған абыройын бір сәтті төкті», -деп жазды желі қолданушылары.

 

Адам деген қатыгез боп бара жатқанына көзіміз жетіп отыр! Біреуіміздің аяғымыз шалынып құласақ , бәріміз жатып күлетін болған күнге жеттік. Міне. Түсінем, өмір де қиындап кетті, әркімнің өзінің өмірлік қиындықтары толып жатыр. Ешкімнің басқаның өмірінде еш шаруасы болмай кеткен күндер. Орысша айтқанда:-Не мои проблемы» дейтіндер молшылық . Мен өз басым қазір Төреғали ініміздің ішінен қалай қатты уайымдап отырғанын алыстан ақ сезіп отырмын! Иә, қателіктер болады. Мінсіз адам жоқ! Дегенмен , адам адамға кешірімді болу керек! Ол концертте отырған кісі де қателіктер жіберген шамасы. Қазаққа тән мәдениетіміз қайда кетіп бара жатыр? Не мынау, жаппай инста жүйесінде бәрі жабылып жас балаға ?!. Сабырлық сақтайық, қалай айтсақ та ол өз бауырымыз , қазақтың баласы! Қандасымыз! Біреуіміз кішкене ғана өзімізден асып кетсе болды, етегінен төмен қарай тартуға ұмтыламыз. Қалай айландырса да, бұл баланың маңдайында жұлдызы жанған бала! Сабыр етіңіздер, ағайын! Батыстан келген «у-шудың» бәрін өз бойымызға сіңдіріп жүрміз. Біреудің сыртынан жаман айтып, күнә жинамайық , әсіресе инста қолданушылар. Өтінеміз. Болар xалық бірін -бірі батыр дер, сол айтпақшы , бір-бірімізді сыйластықта өтейік. Өмір -өзен қысқа . Өміріміздегі жақсы мен жаманға баға беріп, соттайтын бір — АЛЛАҺ ! Менімен келіспейтіндер де болады қазір, мен білемін. Дегенмен, ойланайық ағайын. Жақсылығымыз көп болғай! Бір-бірімізді құрметтейік! #кешірімдіболайық #қазақелі

Публикация от Беркут Аиша (@berkut_qazaqstan)

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық