jasqazaq.kz

Бастығының көлігінен екі рет ақша ұрлаған жұмысшы видеоға түсіп қалды

28 тамыз 2020, 12:29

Алматы облысында бастығының көлігін екі рет тонаған ұры ұсталды.

Полиция қызметкерлері оны ұрлық кезінде әшкерелеген. Lexus автокөлігін екі рет тонаған күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Жақында біздің кезекші бөлімге Балпық би ауылындағы сауда үйлерінің бірінде тұрған Lexus маркалы автокөлігінің салонынан 150 мың теңге ұрлап кеткен белгісіз тұлғаларға қатысты шара қолдану туралы жазбаша өтінішпен 28 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Келесі күні азамат сол жерде белгісіз біреулер тағы 2 мың АҚШ долларын ұрлағаны туралы арызданған», — деді Көксу аудандық полиция бөлімінің бастығы Рамиль Гимадиев.

https://youtu.be/y-beytwEw4k

Дереккөз мәліметінше, жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тыңшылар күдікті ретінде Талдықорған қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады, ол жәбірленушінің сауда үйінде көмекшісі болып қызмет атқарған. Ұсталған күдіктіден ұрланған ақшаның бір бөлігі ғана тәркіленді, ал қалған ақшасын күдікті жұмсап үлгерген.

«Бейнежазбамен және басқа да дәлелді дерек көзімен әшкереленген азамат ұрлық жасағанын мойындады және ақшаның машинада сақталатынын білгенін және қаражатқа аса мұқтаж екенін айтты, ол дүкеннің терезесінде машинаның кілтін қалдырған иесінің сенімін пайдаланып, екі рет ірі көлемде ақша ұрлаған», — деді Рамиль Гимадиев.

Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде