jasqazaq.kz

Баспасөз хатшылардың санатын департамент директорына дейін көтеру

24 маусым 2019, 11:35

Қазақстанда баспасөз хатшылардың санаты департамент директоры деңгейімен теңестірілмек.

Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Тағы бір маңызды бағыт — бұл мемлекеттік органдардың БАҚ-пен өзара іс-қимылы. Баспасөз қызметтерінің жұмысына үлкен назар аударылып отыр. Соңғы уақытта мемлекеттік органдар бірінші басшыларының баспасөз қызметтеріне қарым-қатынасы қатты өзгергендігін барлық жауапкершілікпен айта аламын», — деді ол жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңесте. Д.Абаевтың айтуынша, ендігі уақытта министрлер де, әкімдер де баспасөз хатшылардың жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтын болған. «Бұл уақыт талабы. Біз өз тарапымыздан жыл сайын баспасөз қызметтері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары мен семинарларын өткізіп, ең белсенді әрі сауатты баспасөз хатшыларды Astana Media week аясында ынталандырып отырамыз. Біз алғаш рет баспасөз хатшылардың мәртебесін БАҚ туралы заңда жаздық. Қазіргі уақытта баспасөз хатшылардың санатын департамент директорына дейін көтеру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», — деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде