jasqazaq.kz

Баспасөз баяны

18 қазан 2018, 12:14

2018 жылдың 19 қазанында Алматыда III Халықаралық Түркі дүниесі деректі фильмдер фестивалінің қазақстандық бағдарламасы өтеді. Іс-шара ұйымдастырушылары Түркі әлемінің журналистер федерациясы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Биыл кинофестиваль сегіз қатысушы елдің жетекші серіктес университеттерінде өткізіледі, оның ашылуы қазан айының басында Стамбұл университетінде өтті. Бұл шара түркітілдес елдер үшін үлкен әлеуметтік және мәдени маңызға ие. Кинофестивалде Түркия, Қазақстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Кипр, Өзбекстан және Ресейдің (Башқұртстан және Татарстан) үздік шығармалары таныстырылды. Фильмдер қазіргі әлеуметтік, мәдени, рухани және қоғамдық маңызы зор тақырыптарға, сондай-ақ жастарды тәрбиелеуге арналған.

Сонымен қатар, іс-шара аясында жақында Түркияда (Османия) өткен фестивалдің «Түркі анасы» атты деректі фильмдерінің көрсетілімі ұсынылады. Фильм кейіпкерлері сегіз түркі елі, соның ішінде Қазақстанның аналары.

Іс-шараға Түркі әлемі журналистер федерациясының президенті Мендерес Дэмир, Түркия журналистер федерациясының президенті Йылмаз Караджа және басқа да шетелдік қонақтар, деректі фильм түсірушілері мен кинорежиссерлер, қоғамдық және БАҚ өкілдері, университет студенттері қатысады.

Сіздерді кинофестивалге қатысуға шақырамыз және ақпараттық қолдауларыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Өтетін орны мен уақыты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;

  •  11:00 — кинофестивалдің ашылуы (ректорат, конференц-зал – 15 қабат);
  •  14:30-18:30 – «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының кинотеатрында деректі фильмдердің көрсетілімі.

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі

8 (727) 377 31 48

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты