jasqazaq.kz

Баспанасыз зейнетке шыққан қызметкерлерге өтемақы беріледі

11 қазан 2017, 12:03

Осы уақытқа дейін әскери салады қызмет жасап, мемлекеттен баспана алмай зейнетке шыққан әскерилерге өтемақы төленеді. Бұл жөнінде бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров айтты, –  деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.

«Заң жобасы әскери қызметшілердің баспанасыздық проблемасының басқа да түйткілді түйіндерін тарқатуға бағытталған. Бірінші кезекте 20 жыл және одан көп ғұмырын әскери борышты өтеуге арнаған әскери зейнеткерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің маңызды мәселесі шешімін таппақ. Олардың біразы көшіп кетуге мүмкіндігі болмағандықтан, әлі күнге жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда төл баспанасыз қызметтік тұрғын үйлерде өмір сүруге мәжбүр. Әскери зейнеткерлердің тағы бір бөлігі, тіпті ешқандай баспана берусіз қызметтен шығарылған. Бұл ретте заң жобасымен қандай да бір тұрғын үй берілместен, қызметтен шығарылған осы әскери зейнеткерлер біржолғы ақшалай өтемақыны алдағы 2018 жылы алатын болады. Яғни олардың тұрғын үйге деген құқығы толық іске асырылады», – деді Т. Мұхтаров.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен танысып, мақұлдаған болатын.

Бейбіт Тоқтарбай
Астана

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық