jasqazaq.kz

Баспанасы жоқ әйел жанайқайын жеткізді (видео)

17 мамыр 2018, 17:25

Атырауда екі баланың анасы ажырасқаннан кейін баспанасыз және ақшасыз қалды. Балаларға тамақ табу үшін қызының туу туралы куәлігін көтерме сауда дүкенінің иесіне кепілге тастауына тура келген.

Басылым тілшілерінің жазуынша, Рысханым Аяпова 24 жаста. Еш жерде жұмыс істемейтін, ішімдікке әуес және әйелінің табысына қарап отырған күйеуімен жарты жыл бұрын ажырасқан. «Күйеуім Қызылордадан болатын. Өміріміз ешқашан қуанышқа толы болмады. Ішімдікке әуес еді, үйдегі бар затты, тіпті-азық-түлікті де араққа ауыстырып жіберетін. Көз жұма қарап, шыдап бақтым, үйге көтеріп алып келіп, жуындыратынмын. Үйге азық-түлікті де өзім тауып келетінмін. Дегенмен ол басқа әйелді сүйетінін айтып, Қызылордаға кетіп қалды. Мен баспанасыз, ақшасыз қалдым», — дейді келіншек. Оның айтуынша, әлі де алиментке құжат өткізе алмай отыр екен. Әйелдің не азық-түлік алуға, не қалаға барып құжатты реттеу үшін жолына да ақша жоқ екен. Оның үстіне бала бір жасқа толғанға дейін жәрдемақы түсіп тұратын картаны күйеуі кредитін төлеу үшін өзімен алып кетіпті. Енді үш және бір жастағы баланың анасы адамдар алып келетін азық-түлікке күнелтуге мәжбүр. Бұл отбасының үстіне киетін киімдері де жоқтың қасында, бәрі ескіріп кеткен. «Кейде үйде бір үзім нан да болмайды, ал ет дегеніңіз біз үшін арман. Бүгінде екі қызымның да туу туралы куәліктері азық-түлікті қарызға алатын көтерме сауда дүкенінің иесінде кепілде жатыр. Қазір қарызым 18 мың теңге, оны қалай төлерімді білмеймін. Кейде балаларым түнде қарны қатты ашқанынан оянып, жылайды, сол кезде жүрегім қысып, өмірден түңіліп кетемін», — дейді Рысханым Аяпова. Келіншектің кенже қызы Әнел осы күнге дейін бірде-бір екпе алмаған, қыз мешел ауруына шалдыққан екен. Күнелту үшін Рысханым қала шетінде тұрып жатқан уақытша жай иесінің балаларына қарайды. Олар келіншекті тегін тұрғызып, сүт пен макарон беріп тұрады. Келіншекті екі баламен «Аналар үйіне» қабылдамапты, өйткені ереже бойынша анасымен бірге бір ғана бала тұруы керек. Екінші қызын балалар үйіне өткізуге кеңес беріпті, бірақ, келіншек ондай қадамға бара алмаған. «Маусымнан бастап ай сайын ақы төлеуім керек, 20 мың теңге, оны алатын жер жоқ. Жұмыс істегім келеді, педагогикалық білімім бар, балаға қараушы болып істей аламын, қыздарымды емдеп, балабақшаға бергім келеді. Көмектесе алатын жан болса, алғысым шексіз болар еді», — дейді ол. Келіншектің сөзінше, оның туған анасы бар, бірақ, ол екінші рет тұрмыс құрып, көмек бергісі келмейді. Туған әкесін ол бір ғана рет көрген. Ол да қызына алаңдамайтын көрінеді.

tengrinews.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді