
Күдіктілер өз қызметін заңды етіп көрсету үшін тұтыну кооперативі мәртебесін пайдаланған. Ірі бизнес орталықтарынан кеңселер жалдап, өңірлерде бөлімшелер ашқан.
Кеңселер желісі Астана, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Тараз, Шу, Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің басқа да елді мекендерінде жұмыс істеген.
Әлеуметтік желілер мен интернет платформаларында азаматтарға баспана немесе автокөлік сатып алу үшін «пайызсыз» қарыз алу, қолданыстағы несиелерін қайта қаржыландыру немесе Trade-in бағдарламаларын пайдалану мүмкіндігі жарнамаланған.
Алайда қарыз алудың басты шарттарының бірі кооперативке жаңа мүшелер тарту болған. Азаматтар бастапқы үлестік жарнасын төлегеннен кейін кезекке тұрған. Ал кезектің жылжуы жаңадан қосылған қатысушылардың қанша ақша салғанына байланысты болған.Кооператив мүшелерімен жұмыс істеу үшін «TrustContact» және «TrustMe» цифрлық платформалары пайдаланылған. Олар арқылы келісімшарттарды онлайн жасасуға, жеке кабинетке кіруге, салған қаражатты және кезектің жылжуын бақылауға мүмкіндік берілген.
Осылайша 332 азаматпен жалпы сомасы 562 млн теңгеден асатын келісімшарттар жасалған. Соттың рұқсатымен 6 автокөлікке, 5 513 USDT және 1 003 Futeres көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.Сурет: ҚМА/видеодан кадр