jasqazaq.kz

Баспана кезегінен шығып қалған жетім жігіт өзінің «өлгенін» естіді

06 қазан 2021, 11:52

Петропавлда жетім жігіт өзінің өлгендердің қатарына қосылып кеткенін естіп, енді құжаттарды жинау әлегімен жүр.

Петропавл тұрғыны Александр Рябуха 25 жаста. Жетімдер үйінде өскен ол бірнеше жылдан бері пәтер кезегінде тұр. Жақында жігіт өзінің тізімнен шығып қалғанын білген.

«Наурыз айында қарағанда мен әкімдіктің баспана бойынша кезегінде болдым. Бірақ маған мені кезектен алып тастағандығы жөнінде sms-хабарлама келді. Тізім жарты жылда бір рет жаңартылады. Сол себепті күттім. Жақында ол жаңартылыпты, менің тізімде жоқ екенімді досым көріп, айтты. Ия, шынында да жоқ екенмін. Әкімдікке барып білдім. Бұл қателік дейді. Кезектен алып тастау себебінде менің қайтыс болғаным көрсетіліпті. Өткен екі күн бойы өзімнің тірі екенімді және мені қайта кезекке қосулары үшін құжаттар жинадым», — дейді Александр Рябуха. Петропавл қалалық әкімдігі жақында бұл олқылықтың орнын толтырмақ.

«Республикалық мәліметтер базасында жүйелік бұзылу болған. Салдарынан Александрдың мәртебесі көрінбейді. Ол өткен аптада қалалық әкімдікке келді, оған не істеу қажеттігі айтылды. Ертең көші-қон полициясына барып, мәртебесін жаңартамыз. Мәртебесі 5 күннің ішінде өзгеруі керек. Тек содан кейін ғана оны баспана бойынша кезекке бұрынғы орнына қайта қояды. Мәселені бақылауда ұстап отырмыз», — дейді Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысы Азат Ыбыраев.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия