Баспана бақыты

28 қазан 2016, 11:40

orig-750x4221475502061klyuchikvartirazhile-1475502062

Кешегі арман, бүгінгі ақиқат! Осы аптада Семейден жағымды жаңалық жетті. Базарда арба сүйреп, нәпақасын тауып жүрген Саят есімді азамат баспаналы болған. Тиыннан теңге құрап, маңдай терінің арқасында қаланың орталығынан отбасына пана болар бір бөлмелі пәтер алды. Ол үш жыл қатарынан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ай сайын 25 мың теңгеден салып отырған. 2 млн теңгенің басы жиналғанда құны 4 млн теңге тұратын бір бөлмелі пәтерді төмендетілген пайызбен банк ұсынады. Елбасы айтқандай әр ел азаматы жеке баспанаға ие болып, тұрғын жағдайын жақсартуы – мемлекет алдындағы маңызды міндеттерінің бірі. Бұл қуанышты хабар айтылған сөздің ақиқатқа айналғанының бір көрінісі.

story2510

Жалпы, соңғы жылдары «Қолжетімді баспана – 2020», «Нұрлы жол» басқа да мемлекеттік бағдарламаның көмегімен қанша отандасымыз баспаналы болды. Семейлік Саят Тұматаев бастапқыда біраз қиналғанын жасырмады. Тапқан табысы күнделікті күнкөрістен артылмаған. Базарда жаз айында ыстық, қыста суық. Күз бен көктемде жауынмен арпалысады. С.Тұматаев бір басылымға берген сұхбатында «Біз осының бәріне шыдадық. Жаздың адам төзбес ыстығына, қыстың қатал суығына. Өздеріңіз білесіздер, шығыс өңірлерде қыстың қандай болатындығын. 40 градус суықта қолыңмен темір арбаны ұстаудың өзін елестетіп көру қиын. Бірақ осыған қарамастан, қолдан келгенше тынбай еңбек еттім, өз еңбегімнің жемісін көрдім. Жалпы, өз баспанаңның кілті қолыңа тиген кезде, бар қиыншылықтар сол сәтте ұмытылады екен», – дейді. Ол «Алғашқы 50 мың теңгені жинадым, содан кейін 100 мың теңгені. Одан әрі тап бір құмар ойыны сияқты. Осылайша бір күні 1 млн теңгені жинадым. Бақытымда шек болған жоқ. Себебі мен банктен тағы осынша 1 млн теңгені несиеге алатындай мүмкіндігім болды емес пе?, – деп өткен күнді еске алады. Тағы бір жылдан кейін екі млн теңге жиналады. Осылайша әкімдіктің жанында банк салымшыларына арналып салынған тұрғын үй кешенінен пәтер алады. Қазір оның ай сайынғы төлемі — 25 мың теңге. С.Тұматаев «Мен бұл пәтерді өз еңбегімнің арқасында алдым. Маған қол ұшын берер көкем де жоқ. Банкке бардым, шот аштым, ақшамды жинай бастадым. Бастысы алдыма мақсат қойдым. Қазір менің екі балам бар. Біз отбасымызбен бақытты тұрамыз, біз үшін ең бастысы – басымызда баспана бар», – дейді. Оның ендігі арманы – несиені жауып, 3 бөлмелі пәтерге қол жеткізу.

story2510-2Отандастарымыздың баспана, жер алуына мүмкіндік ашатын «Нұрлы жер» бағдарламаның биыл іске қосылғаны белгілі. Осы аптада ұлттық экономика министрлігі құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов бағдарламадағы 5 жаңашылдықты атап өтті. Ол «Осы бағдарламаның негізгі міндеттері: біріншіден, салынып жатқан тұрғын үй үшін, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысына екінші деңгейлі банк арқылы арзан ипотекалық қарыз беру арқылы сұранысты ынталандыру; екіншіден, тұрғын үй салу үшін құрылыс компанияларына арзан несие беру арқылы ұсынысты ынталандыру; үшіншіден, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін «револьверлі» әдіс бойынша кредиттік тұрғын үй салу көлемін ұлғайту; төртіншіден, әлеуметтік әлжуаз топтарға және еңбек күшінің оңай көшіп қонуын қамтамасыз ету үшін, тұрғын үйдің өңірлік қорын құру; бесіншіден, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тарту арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту», – деді. Оның айтуынша, бүгінде баспана, 10 сотық жер алу үшін кезекте тұрған отандасымыздың саны 2 миллионға жуық. Бұдан өзге, үлескер мен үй салушының қатынасын реттеу үшін осы жылдың сәуір айында «Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы» жаңа заң қабылданып, 10 қазаннан бастап күшіне енді. Оған сәйкес Кепілдік беру қоры құрылып, басталған тұрғын үй құрылыс нысаны аяқталғанша қадағаланады. Қорыта айтқанда, сең қозғала бастады. Жаһанды жайлаған дағдарысқа қарамастан, елімізде ең маңызды мәселе шешімін тауып жатыр. Дегенмен қол қусырып отыруға болмайды. Еңбек етсең ғана Саят Тұматаев сияқты жемісін көресің.

Елдос
Өмірзақ

25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді