jasqazaq.kz

Баскетболдан Қазақстан құрамасы FIBA рейтингінде көш бастады

17 маусым 2022, 19:19

Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) баскетболдан әлем чемпионатының Азия аймағы іріктеу турнирінің жаңартылған қуаттылық рейтингін жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жаңа рейтингіге сәйкес, баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы бірінші орынға жайғасты. Ал Иордания мен Австралия алдыңғы үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы Азия аймағындағы іріктеу турнирінің алғашқы екі кезеңінде 4 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 8 ұпаймен D тобында көш бастады.

Қуаттылық рейтингісі команданың іріктеу турниріндегі нәтижелеріне сәйкес түзіледі.

Қазақстан ерлер құрамасы іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде Иран және Бахрейн құрамаларымен күш сынасады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр