jasqazaq.kz

Бәсекенің арқасында ғана біз авиабилет құнын төмендетеміз

07 қазан 2019, 10:56

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда әуе билеттерінің бағасы қалай төмендетілетінін айтты.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында кейбір әуе компаниялардың билет құны қымбат екенін атап өткен болатын. Сондықтан министрлік осы бағытта жүйелі жұмыстарды жүргізіп отыр. Әуе билет құны бірінші кезекте әуе тасымалдарына баға белгілеудің (бәсекелестік, сұраныс, маусымдық, мереке және демалыс күндері) нарықтық және динамикалық механизміне, авиаотын және жолаушылар ағынының деңгейіне байланысты. Мемлекет бағаны тікелей реттемейді, тек авиакомпаниялар үшін бәсекеге қабілетті жағдайларды жасайды. Бәсекенің арқасында ғана біз авиабилет құнын төмендетеміз», — деді Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында. Министрдің айтуынша, мемлекеттің өз нарығын бақылап, тиісті қадағалауды жүзеге асыруы тиіс. Сондықтан министрлік кешенді шараларды қабылдап жатыр. «Біріншіден, 2012 жылдан бастап ішкі бағыттар бойынша қазақстандық әуе акомпаниялардың тұрақты жолаушылар рейстерін орындауына барлық шектеулер алып тасталды. Ең танымал үш маршрутта 4 әуе тасымалдаушысы әр түрлі тарифтік ұсыныстармен ұшуды орындайды. Бұл шара авиабилеттер құнын төмендетуге ықпал етті. Мысалы, егер 2012 жылы Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша орташа билет құны 85 долларды құраса, 2019 жылы билет құны – орташа алғанда 50 долларды құрады. Екіншіден, мамырда алғашқы ұлттық лоукостер Fly Arystan іске қосылды. Оның билет құны «Эйр Астанамен» салыстырғанда 2 есе төмен. Бүгінгі күні 470 мыңнан астам билет сатылды, 60 % билеттердің құны 10 мың теңгеден төмен», — деді ол. Атамқұловтың айтуынша, министрлік тікелей өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін авиаотынды жеткізу тізбегін оңтайландырады. «Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп авиаотын бағасын ашық белгілеу және оны үздіксіз жеткізу бойынша тең қолжетімділікті қамтамасыз ету механизмдерін әзірлейді. Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту арқылы осы жылы өндірілетін авиаотын көлемі 694 мың тоннаны құрайды. Бұл авиациялық нарық қажеттілігін (700 мың тонна) толығымен жабуға мүмкіндік береді», — деді ол. Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Асқар Мамин қазақстандық азаматтық авиация саласын дамытуда бірқатар тапсырмаберген болатын.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда