jasqazaq.kz

Бас санитар дәрігері тұрғындармен неге дөрекі сөйлескенін түсіндірді

13 тамыз 2020, 15:57

Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, бұл оқиға 12 тамызда болған. Сауда үйінің сатушылары облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне алдына жиналған. Олар Ерғали Сыдымановтан азық-түлік сатпайтын дүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат беруін сұраған. Себебі, өңірде 3 тамыздан бастап, мұндай дүкендердің жұмыс істеуіне тыйым салыныпты.

Алматы облысының бас санитар дәрігерінің айтуынша, сатушылар мұндай талаппен осыған дейін де келген.

«Мұны естіген соң, мен көшеге шықтым. Мен кәсіпкерлерле облыстағы эпидемиологиялық жағдайды және олардың жұмысы неге тоқтағанын түсіндірдім. Әңгіме көлік бөлшектерін сататын дүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы болды. Олар 2 тамызда №23 қаулы бойынша жабылды. Біз барлық базарды жайдан-жай аша алмаймыз. Біздің басты мақсатымыз — коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу»,- дейді Ерғали Сыдыманов әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты.

Оның пікірінше, желідегі видеоға монтаж жасалған.

«Маған белгісіз себептерге байланысты видеоға монтаж жасалған. Әңгіменің мазмұны өзгерген. Кейбір сөздер сүйектен өткен шығар, бірақ мен кәсіпкерлерге олардың жұмысы уақытша неге тоқтағанын түсіндіруге тырыстым. Видеода болған оқиғаның жағымды жағы көрсетілмеген. Кәсіпкерлермен жақсы сөйлестік. Нәтижесінде олар карантиннің аяқталуын күтетін болды. Бірақ бұл сәт видеода жоқ», — деді Алматы облысының бас санитар дәрігері.

Сонымен қатар ол Денсаулық сақтау министрлігіне түсініктеме жазып жібергенін атап өтті.

«Егер олар қаласа, мен өз әрекетіме жауап беруге дайынмын», — дейді Ерғали Сыдыманов.

Сондай-ақ, ол халықпен кездесіп, олардың мәселесін шешуге дайын екенін жеткізді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия