jasqazaq.kz

Бас прокурордың орынбасары қазақша екі сөздің басын құрай алмады (видео)

07 сәуiр 2021, 15:23

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев мәжілісте депутаттардың қазақша қойған сұрағына жауап бере алмағаны бейнеленген видео тарап жатыр.

Видеодан Болат Дембаевтың Біріккен Араб Әмірліктерінде істі болып, жазасын өтеп жатқан қазақстандықтарды елге қайтару мәселесі бойынша сөйлеп жатқанын аңғаруға болады. Алайда оның кібіртіктеп, екі сөздің басын құрай алмай айтқан жауабынан бірнәрсені ұғу қиын. Бұл туралы qamshy.kz сайты хабарлады.

Қазақстан конституциясында мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп көрсетілген. Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің дерегінше, Қазақстанда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 90 пайызға жеткен. Алайда қазақ тілінің мәселесі Қазақстан қоғамында әлі де өзекті тақырыптардың бірі.

Қазақстанның экс-президенті Н.Назарбаев та, қазіргі президент Қ.Тоқаев та қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту таралы жиі қозғап, «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының міндеті», «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген секілді сөздерді жиі айтады. Ал мәжіліс депутаты Қазыбек Иса соттар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және барлық мемлекеттік қызметкерлерді қазақ тілін білуге міндеттеу керек деп санайды.

Ол «суға түспей жүзуді үйрену қандай мүмкін болмаса, мемлекеттік тілді міндеттемей оны үйрену де сондай мүмкін емес» деп, жуырда үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдаған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия