jasqazaq.kz

Бас прокурора: Қаңтар оқиғасымен ұсталғандардың құқығын бұзу бойынша 133 қылмыстық іс қозғалды

10 ақпан 2022, 12:09

Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев қаңтар оқиғасына балйанысты ұсталғандардың құқығын бұзғандардың үстінен неше іс қозғалғанын айтты.

«Заңсыз іс-әрекеттер, оның ішінде азаптаулар тергеудің бастапқы кезеңінде болады. Адамдарды оқиға орнынан полицияға апарған соң олар тергеушімен немесе жедел уәкілмен оңаша қалады. Жедел қызметкерлер ұсталғандармен «жүрекжарды әңгіме» жүргізу үшін процессуалдық сипаттан тыс қарым-қатынастарға жол береді. Ұсталғандардың көбі өз құқықтарын білмейді, қорғаушы талап етіп жатпайды. Полиция бұл жайтты көп жағдайда өздеріне пайдаланады. Себебі ұсталған адамдармен жұмыс жүргізудің нақты реттелген тәртібі жоқ. Қаңтардағы оқиғалар бұған айқын дәлел», — деді Бас Прокурордың орынбасары. Сондай-ақ ол қаңтар оқиғасы бойынша прокуратура органдарына түскен шағымдардың қалай қаралып жатқанын баяндады. «12 қаңтарда Алматы прокуратурасы заңсыз қамауда отырған қаланың 24 тұрғынын босатты. Аталған факті бойынша арнайы прокурор тергеу жүргізуде. Прокурорлар уақытша ұстау изоляторларынан негізсіз ұсталған 96 адамды босатты. Сонымен бірге әрекеттерінің ауыр болмауына байланысты 92 адамды бұлтартпау шарасы өзгертілді. Ұсталған адамдарға қатысты құзыретті асырып пайдалану, өлім, азаптау фактілері бойынша істер тергеліп жатыр. Бұл сипаттағы 133 қылмыстық іс тергелуде. Барлық істердің обьективті өтуі үшін процессуалдық прокурорлар белгіленді. Ұсталған тұлғаларға медициналық көмек қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда қамауда отырған және ұсталған 27 адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп отыр» -деді Ерлік Кененбаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде