jasqazaq.kz

Бас прокуратура Жемқорлыққа қарсы қызметтің Мәнізоровқа қатысты шағымын қанағаттандырмады

20 қараша 2019, 12:49

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Бас прокуратураның Жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы әкімнің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық тергеуді тоқтату туралы шағымды қанағаттандырмағанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мұның алдында Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер қылмыстық тергеуді тоқтату туралы шешімге шағым түсіргенін айтқан болатын. «Бас прокуратура Жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеуді тоқтату туралы шағымын қанағаттандырмады», — деді Марат Ахметжанов. «Процедура жүріп жатыр, ешкімнің позициясы ешкімді қызықтырмайды. Заң бар. Қылмыс құрамы болса, осындай шешім қабылданады. Бірақ бүгінде тергеу процесіне ешкім әсер ете алмайды. Қылмыс құрамы болса, іске нүкте қойылады. Мен істің нақты мән-жайын білмеймін, тек факт бойынша айтып отырмын. Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер қылмыстық тергеуді тоқтату туралы өтініш білдірді, бірақ ол өтініш қанағаттандырылмады», — деді прокурордың орынбасары.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда