jasqazaq.kz

Бас прокуратура заңсыз шеруге қатысып, әкімшілік жауапқа тартылғандар туралы айтты

13 маусым 2019, 12:51

Қазақстан Ресспубликасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов сайлаудан кейінгі шерулерге қатысқан адамдардың қаншасы қамауға алынғанын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Оның айтуынша, заңсыз акциялар мен шерулерге қатысқаны үшін сот шешімімен 957 адам әкімшілік жауапқа тартылған. «Бас прокуратура рұқсат етілмеген акция, шерулерге қатысу заңсыз екенін бірнеше мәрте ескертті. Арандатуға бой алдырған отандастарымыз бірнеше қалада қарсылық акцияларына шықты. Салдарынан 3 полиция қызметкері дене жарақатын алды. Дегенмен, полиция ұстамдылық танытып, арнайы заттарды қолданбады»,- деді Бас прокуратура өкілі. Сапарбек Нұрпейісов солардың ішінде 670 адам қамаққа алынып, 115 адамға айыппұл салынғанын, ал 172 адамға ескерту жасалғанын айтады. «Қадағалау өкілеттігі аясында прокуратура ұсталғандардың заңсыз әрекетін түсіне отырып, отбасылық жағдайын ескеріп, сот орындарына 311 адамның қамау мерзімін қысқарту бойынша ұсыным хат жіберді. 63 адам бүгін шығады. Қазір қамақта 180 адам бар. Оның 80-і — Нұр-Сұлтан қаласында, 100-і — Алматыда қамауда. Оларды қамау мерзімі — 6-15 күн аралығында», — деді Сапарбек Нұрпейсіов.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда