jasqazaq.kz

Бас прокуратура: Қызметкерлер қарсылық көрсетпестен қару-жарақты тастап қашқан

07 ақпан 2022, 21:19

Қаңтардағы бейбіт митингті әртүрлі саяси күштер өз мүддесіне пайдаланбақ болған. Бас прокуратура мұны «гибридтік шабуыл» деп атады. Ал күш құрылымдарының дер кезінде әрекет ете алмауына кейбір басшылар кінәлі дейді құзырлы органдағылар. Өйткені олар сын сағатта өз міндеттерін атқара алмаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ризабек Ожаров, Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы:

— Өкінішке қарай, мемлекеттің және қоғам қауіпсіздігінің мүддесіне қайшы іс-әрекет орын алды. Қызметкерлер ешқандай қарсылық көрсетпестен Алматы және Жамбыл облыстарының полиция департаменті ғимаратын қару-жарақ, оқ-дәрімен бірге тастап кеткен. Нәтижесінде бүлікшілер бір жарым мыңнан астам үлкен арсеналға ие болған. Олардың ішінде граната, пулемет, тапаншалар бар. Бұның бәрі аңшы дүкендерін есептемегенде.

Бүгінгі дейін жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен 467 адам ұсталса, оның 76-сы әртүрлі себептермен тергеу изоляторынан босатылған. Олардың арасында екі әйел мен тоғыз кәмелетке толмаған жасөспірім бар. Қолға түскендердің 35-і тыйым салынған экстремистік топ өкілдері. Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікке ілінгендердің бірі қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев. Ол дәл қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау изоляторында. «Жабайы Арман» лақап атымен танылған ол жақтастарымен қосылып тіпті 24 адамды күштеп ұстапты. Біреуі ұрып-соғу салдарынан бақилық болған. Жалпы шенділер себепсіз ұсталған ешкім жоқ деп отыр. Кінәлілерді анықтауда азаматтардың көмегі тиіп жатқанын да мәлімдеді.

Ризабек Ожаров, Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы:

— Біздің «стоп.терроризм» сайтымызда 1672 файл жүктелген. Олар қаңтар оқиғасы бойынша, видео және фотосуреттер. Көмекті бизнес өкілдері де көрсетуде. Олар бейнебақылау камераларымен жазылған ақпараттарды жіберуде. IT технологияларын пайдалану арқылы, оқиғаларға қатсты барлық адамдар анықтауды жалғастырып жатырмыз.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық