jasqazaq.kz

Бас прокуратура: Қаңтардағы жаппай ереуілге 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан

11 сәуiр 2022, 14:59

Арнайы прокурорлар жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.

«12 ұйымдасқан қылмыстық топтың ішінде ең белсенділері – «Дикий Арманның» тобы, «Қазақстандықтар» және «Айшуақ-Жантүгел» топтары болды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынды», — деді Бас прокуратура өкілі.

Сондай-ақ, ол ұсталғандар арасында қылмыс әлемінің 4 беделді тұлғасы бар екенін атап өтті.

«Оның ішінде 4 қылмыс авторитеті бар. Бұл қылмыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтап, жауапқа тарту үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Бүгінгі таңда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу бойынша 547 адам күдікті ретінде танылып, оның 269-ы қамауға алынды»,- деді Елдос Қилымжанов.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр