jasqazaq.kz

Бас прокуратура: қаңтар оқиғасы бойынша 3 770 қылмыстық іс қозғалды

14 наурыз 2022, 11:00

Қаңтар оқиғасы бойынша 3 770 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында «қаңтар қасіреті» бойынша тергеу барысы туралы депутаттардың сауалына берген ауызша жауабында айтты.

«Мемлекет басшысы құқық қорғау және арнаулы органдарға қаңтар оқиғасы себептерін егжей-тегжейлі тергеп, тексеруді тапсырды. Аталған фактілер бойынша барлығы 3770 қылмыстық іс қозғалды. Басым бөлігі Ішкі істер министрлігінің өндірісінде. Олар: адам өлтіру, ұрлық, қарақшылық. бұзақылық қару ұрлау», — деді Бас прокруор Оның мәліметі бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеудің заңсыз тәсілдерін қолдау фактілері бойынша 234 іс жүргізуде.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті басып алуға әрекет ету және аса ірі мөлшерде пара алу бойынша 15 істі тергеуде. Бұл істер бойынша Ұлттық қаупісіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Мәсімов және оның үш орынбасары сот санкциясымен қамауға алынды. Осы, органның тағы 2 басшысы, билікті асыра пайдалану күдігімен, қылмыстық жауапқа тартылуда», — деді Берік Асылов.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр