jasqazaq.kz

Бас прокуратура: Халықты сабыр сақтауға шақырамыз

08 ақпан 2020, 14:20

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев Қордайдағы оқиға бойынша қылмыстық қудалау органдары кінәлілерді тауып, оларды жауапкершілікке тарту үшін барлық шараны жүзеге асыратынын мәлімдеді.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Ішкі істер министрі айтқандай, Қордайдағы оқиға бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылады. Істің барысы Бас прокурордың назарында. Қылмыстық қудалау органдары кінәлілерді тауып, оларды жауапкершілікке тарту үшін барлық шараны жүзеге асырады. Зардап шеккендерде қажетті құқықтық көмек беріледі. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп сақтау шараларын қамтамасыз етіп отыр», — деді Бас прокурордың орынбасары ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Болат Дембаев айтып өткендей, жеке адамдар болған оқиғаны бұрмалап жатқанын, жалған ақпарат таратып жатқанын жеткізді.

«Осыған байланысты қоғамдық тәртіпті сақтап, ескерту үшін бүкіл елге — Қазақстанның Конституциясы ұлтаралық келісімді бұзарлық кез келген әрекетті тыйым салатынын жеткізгіміз келеді. Конституцияның аталған талабын орындамаудың салдары ұлтаралық араздықты туғызу, жаппай тәртіпсіздікке ұйымдастыру, жалған ақпарат тарату істері бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Халықты сабыр сақтауға, провокацияға берілмей, шындыққа сай келмейтін ақпаратты таратпауға шақырамыз. Тергеу амалдарына қатысты барлық ақпарат ІІМ мен БАс прокуратураға жолданып отырады. Осы ведомстволардың интернет-сайттарында жарияланады», — деді ол.

Бас прокурордың орынбасары құқық қорғау органдары кез келген тәртіп бұзушылықтың жолын кесіп, оларға жол бермеудің барлық амалын қарастыратынын мәлімдеді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия