jasqazaq.kz

Бас прокуратура Forbes тізіміндегі кәсіпкерге іздеу жарияланды деген ақпаратқа түсінік берді

29 қыркүйек 2021, 12:31

Қазақстанның Бас прокуратурасы кәсіпкер Анатолий Балушкиннің Ресейде іздеуінің тоқтатылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бас прокуратурада кәсіпкерді Ресей Федерациясы аумағында іздестірудің тоқтатылғаны туралы ақпарат жоқ. Қазіргі уақытта күдікті азаматтың азаматтығы өзгеруіне байланысты мән-жайларды тергеу органы тексеріп жатыр», — деп хабарлады департаменттен.

Тергеуді ҚР Қаржы мониторингі агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық топ жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қаржыны жымқырды деген күдікпен «Азия Авто» АҚ компаниялар тобының басшыларына қатысты жүргізілді.

«2021 жыл 28 шілдеде А.М. Балушкиннің («Азия Авто» АҚ компаниялар тобының бас акционері және директорлар кеңесінің төрағасы) іс-әрекеті қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша сараланды, оған қатысты сот сырттай күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. 2021 жылдың 12 тамызында халықаралық іздеу жарияланды», — деп толықтырды Бас прокуратура.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Азия Авто» автокөлік құрастырушы компаниясына қатысты талап арызын қанағаттандырды. Сот «Азия Авто»-ға мемлекетке шамамен 174 миллиард теңге қайтаруды міндеттеді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия