jasqazaq.kz

Бас прокуратура: Алаяқтар шоу-бизнес жұлдыздары мен блогерлерді пайдаланған

25 ақпан 2020, 17:50

Бас прокуратура алаяқтарға сенбеуге шақырады. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда құқық қорғау органдарына «Гарант 24 Ломбард», «ESTATE Ломбард» ЖШС-не және «Нурали Капитал», «Выгодный займ» микрокредиттік ұйымдарының иелері азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін, ақшалай қаражаттарын заңсыз иемденіп алу әрекеттеріне қатысты арыздар түсуде. Аталған ұйымдармен 42 мың келісімшартқа отырған 6 мыңнан аса азамат жүгінген. Полиция органдары олардың өтініштері негізінде 22 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Ломбардтардың 1 менеджері мен 12 филиал директорлары жауапкершілікке тартылуда. Тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін процессуалдық прокурорлар бекітілген. Алаяқтар өз мақсаттарына жету үшін түрлі жарнамаларды белсенді түрде қолданғаны, олардың ішінде шоу-бизнес жұлдыздары мен танымал блогерлерді пайдаланғаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жарнама жасауды жүзеге асырған және таратқан тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылып, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Бас прокуратура азаматтарға кіріс көзі дәлелденбеген қомақты қаражатқа қол жеткізу туралы уәде ететін күмәнді ұйымдарға өз қаражаттарын сеніп тапсырмауға шақырады.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия