jasqazaq.kz

Бас прокуратура: Әблязов қорқып отыр

19 қыркүйек 2019, 17:08

Бас прокуратура өкілдері Мұхтар Әблязовтың сөзіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Қазақстан оны қудалауды жалғастырады. Әблязов мұны біледі және қорқады. Саяси себептерді сылтауратып қуғынға ұшырағанын айтады, алайда оның ісінде ешқандай саясат жоқ. Биыл шілдеде Нью-Йорк соты Әблязовты жалған ақпарат таратушы ретінде қарастырып, оның саяси қуғаныға ұшырағаны туралы пікірлерін жоққа шығарды. Осыған дейін, Лондон соты да осындай шешімге келді. Олар оған 4 миллиард доллар айыппұл салып, оның алаяқ деп танып, жалған ақпарат бергені үшін 22 айға соттады. Ұлыбритания ішкі істер министрлігі оны босқын статуыснына айырды. Сол себепті Әблязов Францияға қашты және өзі алдап кеткен отандастарын сырттай билікке қарсы айдап салып отыр», — деді Бас прокуратура қоғамдық қызығушылықты қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов. Нұрпейісов Әблязовты тыңдайтынтарға жаны ашитынын айтты. «Әблязовке сенуге болмайды. Адамдарды заңсыз акцияға шығуға үгіттейді. Олардың көшеге шыққаны үшін ақы төлейді. Ол ақшаны сол еліміздің азаматтарынан ұрлады. Әблязов пен оның жақтастары — сот шешімімен тыйым салынған экстремистік ДВК ұйымына — қарапайым адамдарды жаңылыстырып, қасақана құқық бұзушыға айналдырды. Осы кезде ол өзі Францияда жүр, Қазақстаннан және басқа да елдерден ұрлаған қаражатқа өмір сүріп жатыр. «Құрметті отандастар, арандатушылыққа жол бермеуге шақырамын, салдары — қылмыстық жауапкершілік», — деді Сапарбек Нұрпейісов.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық