jasqazaq.kz

Бас мүфти бір мезетте дұға жасауға үндеді

08 сәуiр 2020, 15:10

#үйдеотыр

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы барша мұсылман қауымын 10 сәуір, жұма күні намаз уақытында «Біз – біргеміз, тілегіміз – ортақ» деген игі бастама аясында күллі адамзаттың амандығы үшін бір мезетте алақан жайып, дұға жасауға үндеді.

«Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Әуелі барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммед Пайғамбарға оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай! Ассаламу алайкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһу! Құрметті Дін Басшылары, мұсылман бауырлар! Бүгінде COVID-19 коронавирус жұқпалы дерті жер бетіндегі әлем жұртшылығын алаңдатып отырғаны баршаңызға мәлім. Өкінішке қарай, бұл індеттен әлемде мыңдаған адам көз жұмды. Әлемде осы дерттен қаза тауып, қара жамылған отбасылардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқасын! Өмірді сынақ мекені деп білген мұсылман баласы басына қиындық түссе, төзімділік танытады, нығметке бөленсе, шүкір етеді. Қиындықты сабырға жеңдірген пенде Алланың мейіріміне бөленеді. Алла Тағала: «Сөзсіз Біз сендерді қорқынышпен, аштықпен және дүние-мүліктеріңді, жандарыңды, сондай-ақ жемістеріңді алу арқылы сынаймыз. Сабыр етушілерді сүйіншіле!» («Бақара» сүресі, 155-аят) деген. Алла Тағала сынаққа сабыр етіп, сауапқа кенелген пенделерінен еткей!», — деді Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында жарияланған үндеуінде. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы қазіргі таңдағы бұл ауыр індет күллі адамзат баласына қатер төндіріп тұрғанын баса айтады. »Біз (Барлығымыз) Адам ата және Хауа анадан тараған бір үмбетпіз. Қасиетті Құран Кәрімде: «Уа, адам балалары! Бәріңді бір жаннан жаратқан һәм одан жұбын жаратып, ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдер өрбітіп, жер бетіне таратқан Раббыларыңа қарсы келуден сақтаныңдар!» («Ниса» сүресі, 1-аят) деген. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, адамдар! Сендердің барлығың Адам атадан, ал Адам топырақтан жаратылды …» деп бірлікке үндеген. Расында, ешкімнің ұлты, нәсілі, тегі Жаратқанның құзырында бір-бірінен артық емес. Құранда: «Уа, адамзат баласы! Біз сендерді бір Ата, бір Анадан жараттық. Сондай-ақ бір-бірлеріңді тануларың үшін сендерді әртүрлі ұлт-ұлысқа, ру-тайпаға бөлдік. Расында, Алланың алдында ең ардақтыларың – тақуаларың» («Хұжұрат» сүресі, 13-аят) делінген. Әлемде етек алған індеттің алдын алуда адамзат Ұлы Жаратушының мейіріміне мұқтаж екендігін айқын сезінуде. Сол үшін әрбір ұлт өкілі, барша адам баласы жұдырықтай жұмылып, шын жүректен Жаратқанға жалбарынып, адамзаттың амандығын сұрайтын сындарлы сәтте тұрмыз. Алланың ардақты Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дұға – мұсылманның қорғаны», – дегені баршаңызға мәлім. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ислам әлемінің ғұламаларын, күллі дін қайраткерлерін, дін саласының оқытушы-ұстаздары мен Құран қариларын және барша мұсылман қауымын 10 сәуір, жұма күні намаз уақытында «Біз – біргеміз, тілегіміз – ортақ» деген игі бастама аясында күллі адамзаттың амандығы үшін бір мезетте алақан жайып, дұға жасауға үндейді. Аса мейірімді Алла Тағала күллі адамзат баласына амандық-саулық беріп, ауру-сырқаудан айығып, қуанышты күндерге тезірек жетуін нәсіп еткей», — деп атап өткен Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия