jasqazaq.kz

Бас мүфти: 60-тан асқандар ораза тұтпас бұрын медициналық тексеруден өткендері жөн

08 сәуiр 2021, 17:37

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы айтты.

Биыл да Рамазан айын пандемия жағдайында өткізгелі отырмыз. Осы ретте сіздерді ауызашар мен құлшылық сәттерін өткізу кезінде санитарлық талаптарды сақтауға шақырамын. Денсаулық бәрінен қымбат құндылық. Алланың адамзатқа берген аманаты. Осы орайда жасы 60-тан асқан азаматтарды, аға, апаларымызды ауыз бекітуден бұрын медициналық тексеруден өтіп, дәрігер кеңісіне жүгуден бастауға шақырамыз. Өйткені біздің дініміз жеңілдікті үндейді, — деді Бас мүфти.
Оның айтуынша, егде жастағы және балиғатқа толмаған азаматтар эпеидемиологиялық ахуал тұрақталмайынша мешітке бармай, құлшылықты үйлерінде орындаулары қажет.

Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы рамазан айында насихат, сұрақ пен жауап жұмыстарын онлайн режимінде жүргізуді жалғастырады. Құран қатым жасалатын рәсімдер де қашықтан оқылады. Біз бір ай бойы жалғасатын діни дәрістердің, қасиетті Қадір түнінің онлайн бағдарламасын дайындап қойдық. Үйден шықпай діни уағыз тыңдап, сұраққа жауап алып та сауап алуға болады. Пітір садақасын онлайн берудің оңтайлы жолын қарастырып жатырмыз, — деді Бас мүфти.

baq.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия