jasqazaq.kz

Бас консулдық Қазақстан азаматтарынан Түркияда сақ болуды сұрады

14 қараша 2022, 11:08


Бүгін жергілікті уақытпен 16:20-да Ыстамбұлдың Истикляль көшесінде жарылыс болды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 53-і жарақат алды. Осы орайда Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы отандастарымызды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарылыс Ыстамбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль көшесінде болды. Оқиға орнында жедел медициналық көмек бригадалары, құтқарушылар мен өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр.

Ыстамбұл губернаторлығының мәліметінше, жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 53 адам зардап шеккен.

ҚР Ыстамбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы қазақстандықтарға, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде барынша сақ болуға кеңес береді.

Қазақстанның шетелдік өкілдігі түрік билігімен байланыста. Зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ.

Ыстамбұлдағы ҚР Бас консулдығының байланыс телефоны +90 212 662 53 49.

Бұған дейін еліміздің сыртқы істер министрлігі жарылыс құрбандарының арасында қазақстандықтардың бар-жоғы тексеріліп жатқанын хабарлаған еді.

16 маусым, 15:46
Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр
16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
16 маусым, 12:08
Үй аумағында көлік қоюға қатысты ІІМ ресми түсініктеме берді (Видео)
15 маусым, 21:30
Атышулы kizdar.net сайтының артында кімдер тұр? (Видео)
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку